
ҮЙІРМЕЛЕР КЕСТЕСІ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында мектепте спорт секциялары ұйымдастырылды.
Спорт секцияларын дене шынықтыру нұсқаушысы жүргізеді. Дәстүрлі мектептен тыс спорттық іс-шаралар, мектепішілік спорттық жарыстар: спорттық жарыстар, денсаулық күндері, эстафеталар өткізіледі. Мектептің оқушылары мен дене шынықтыру мұғалімдері футбол, баскетбол, дойбы, жеңіл атлетика, армреслинг, “Асық ату” ұлттық ойыны, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі бойынша қалалық және аудандық, мектепішілік жарыстарға қатысады. Спорт секцияларының, үйірмелер мен клубтардың жұмысы мектеп директоры белгілеген және бекіткен кестеге сәйкес қатаң түрде мектептің пәндік кабинеттерінде, спорт залында, спорт алаңында ұйымдастырылады және өткізіледі. Кесте санитарлық – гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, тарифтік ведомость пен сабақ кестесі негізінде жасалған.
Мектеп оқушыларының әртүрлі деңгейдегі шығармашылық, спорттық конкурстарға қатысуының нәтижелілігі
Оқу жылы | Үйірмелер мен секциялар саны | |
Барлығы | Басқа мекемелерде | |
2022-2023 | 33 | 8 |
2023-2024 | 37 | 5 |
2024-2025 | 40 | 7 |
ШҚО ББ “№ 8 арнайы мектеп-интернаты ” КММ оқушыларын қамту
2022-2025 жылдарға арналған қосымша үйірмелер:
№ п/п | Оқу жылы | Барлық оқушы | Оқушы– лардың үлесі % | Мектеп үйірмелері мен секциялары | Басқа мекемелердегі үйірмелер, секциялар | ||||
Барлық оқушы | Соның ішінде: | Барлық оқушы | Соның ішінде: | ||||||
шығармашылық | спорттық | шығармашылық | спорттық | ||||||
1 | 2022-2023 | 169/12 | 93 % | 137 | 49 | 88 | 46 | 44 | 2 |
2 | 2023-2024 | 154/15 | 90 % | 93 | 45 | 48 | 54 | 36 | 18 |
3 | 2024-2025 | 161/12 | 93 % | 138 | 73 | 65 | 34 | 26 | 8 |
Ескерту: “барлық оқушылар” бағанында бірінші сан-оқушылардың жалпы саны, екіншісі-үйдегі оқушылар саны.
Қызығушылық үйірмелері мен спорт секциялары мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің арасында танымал және қызығушылық тудырады, сабақтарға үнемі қатысады. Топтар әртүрлі жастағы оқушылардан тұрады. Басшылар балаларда шығармашылық қабілеттерін, жағымды жеке қасиеттерін, еңбекқорлығын, танымдық іс-әрекетін ойластырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау арқылы дамытуға тырысады.

