Мектеп-интернаттың барлық педагогтары кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді және біліктілік санатын жоғарылатады немесе растайды. Жыл сайын педагогтерді аттестаттаудың перспективалық жоспары жасалады және бекітіледі.
Педагогтердің сапалық құрамын талдай отырып, келесідегідей нәтижелерді көруге болады: модераторлардың, сарапшылардың жыл сайынғы өсуі. Ескі жүйе бойынша мұғалімдер саны азаяды. Сонымен қатар, “педагог” санаты бар және санаты жоқ мұғалімдер саны артып келеді. Негізінен, бұл кезекті аттестаттаудан өте алмаған педагогтар мен жас педагогтар.
Мектеп басшысы 2022 жылы директор лауазымына тағайындалды, яғни осы лауазымда 3 жылдан аз жұмыс істейді. Осыған байланысты ҚР Білім Министрлігінің №83 аттестаттау туралы бұйрығына және мектеп-интернатты аттестаттаудың перспективалық жоспарына сәйкес басшының біліктілік санатына аттестаттау 2025 жылы өтеді.

Педагог кадрларды аттестаттаудың перспективалық жоспары

Педагогтердің біліктілігін арттыру туралы бұйрықтар 2022 оқу жылы

Педагогтердің біліктілігін арттыру туралы бұйрықтар 2023 оқу жылы

Педагогтердің біліктілігін арттыру туралы бұйрықтар 2024 оқу жылы