ТӨЛҚҰЖАТ


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының “№ 8 арнайы мектеп-интернаты ” КММ

Мекен – жайы, байланыс номері, e-mail                                                           070008 ШҚО, Өскемен қ. Прибрежная көшесі 81/1 тел: 8 (7232) 62-50-23 (басшысы), 8 (7232) 62-50-23 (қабылдау бөлімі) e-mail: vko-internat@mail.ru, instagram: internat_levyibereg
Мекеме басшысыКартенова Айгуль Максутхановна Жалпы жұмыс өтілі 30 жыл, осы ұйымда 28 жыл.
ҚұрылуыМекеме Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 310 қаулысы бойынша қайта аталды. Білім беру (№KZ70LAA00024355) және медициналық (№ 21008540) қызметке лицензия 19.02.2021 жылғы. Саладағы оқу-тәрбие қызметі білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзету-дамыта оқыту және тәрбиелеу.
Мектептің мақсатыМекеме қызметінің мақсаты: жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың даму бұзылыстарын оқыту, тәрбиелеу және түзету, әлеуметтік-еңбекке бейімделу, әлеуметтену және қоғамға интеграция. Оқыту/тәрбиелеу тілі-мемлекеттік, орыс.
Жобалық ауқымыБюджет – облыстық. Сыйымдылығы  – 160 орын.
Оқушы саныМектеп-интернат базасында білім алатын 6 жастан 18 жасқа дейінгі зиятының жеңіл және орташа бұзылысы бар оқушылар/тәрбиеленушілер. 2023-2024 оқу жылында барлығы 154, оның ішінде зиятының  жеңіл бұзылысы бар 135, зиятының орташа бұзылысы бар 19, оның ішінде үйде оқытылатын  оқушы бар.
Материалдық-техникалық базаМектеп-интернат 1963 жылы салынған үш қабатты ғимаратта орналасқан. Барлық үй-жайлардың жалпы ауданы-3354 ш. м., жатын бөлмелерінің ауданы-66 ш. м., сабақтарға арналған бөлмелердің ауданы-630 ш. м. 20 оқу кабинеті, 7 шеберхана, 2 логопедия кабинеті, сенсорлық бөлме, жұмсақ бөлме, СБО кабинеті, кітапхана, спорт залы, медициналық кабинет, 2 изолятор, информатика кабинеті бар. барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Оқулықтармен қамтамасыз ету 100%, кітап қоры 2898 құрайды. Оның ішінде оқулықтар-1649. Көркем әдебиет барлығы 1249 дана. Аумақ спорттық-ойын алаңымен және демалыс аймақтарымен жабдықталған. Тәрбиеленушілердің/білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп-интернат ғимаратында Автоматты өртке қарсы дабыл, сөйлеу құлақтандыру және бейнебақылау жүйесі орнатылған (барлығы 69 камера: сыртқы (21) және ішкі (48). Вахтада “дабыл” түймесі орнатылған. Балаларды тасымалдау үшін автокөлік бар: газель, автобус және жеңіл автомобиль
Мектептегі кадрмен қамтылуыБарлығы қызметкерлер -123.  Оның ішінде: АУП-5; Педагог қызметкерлер – 68, оның ішінде мұғалімдер-38, тәрбиешілер-30; медицина қызметкерлері-8; қызмет көрсетуші және техникалық қызметкерлер-42
Ағымдағы жөндеу жұмыстары (жөндеу жүмыстарының уақыты, ауқымы мен бөлінген қаржы есебі)Жылыту жүйесін ағымдағы жөндеуге 28 911 мың теңге – (2023 жыл)
2022 жыл бюджет 453  864  мың. теңге
2023 жыл бюджет570  138 мың.теңге
2024 жыл бюджет541  705 мың. теңге