Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мақсаты өз құзыреті шегінде өздерінің кәсіби міндеттерін орындау үшін олардың білімдерін жаңарту және жетілдіру, зияткерлік және мәдени деңгейін арттыру, білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын жетілдіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игеру болып табылады.
Жыл сайын мектеп-интернат педагогтарының біліктілігін арттыру курсының перспективалық жоспары жасалады және бекітіледі. Осы жоспарға сәйкес мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. ШҚО ББ “№8 арнайы мектеп – интернаты” КММ-де педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары бар, ол жыл сайын педагогтердің келуі мен жұмыстан шығарылуын ескере отырып жаңартылып отырады.
Мектеп мұғалімдерінің курстық даярлық пен аттестаттаудан уақтылы өтуге деген қызығушылығы күшейтілді. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және курстардан өту мониторингі барлық педагогтар курстық дайындықтан уақтылы өтеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Біліктілікті арттыру курстары 2022 оқу жылы