2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

ШҚО Білім басқармасының “№8 арнайы мектеп-интернаты ” КММ

қызметі туралы  есеп

Білім басқармасының” №8 арнайы мектеп-интернаты ” КММ

Шығыс Қазақстан облысында келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

   Жалпы ережелер

1.”Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының №8 арнайы мектеп-интернаты “коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) негізгі орта білім беру және бастапқы кәсіптік даярлық деңгейінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің атауыМемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы
1Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша
2Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқу үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау және құжаттарды қабылдау.“Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау” мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары .Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 4-қосымша
3Негізгі орта жалпы орта білім туралы құжаттардың түп нұсқаларын беру.17-қосымша Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 7 маусымдағы № 277 Бұйрыққа 35-қосымша Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру қағидалары.
4Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын растау үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы.
5Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек алуға Мемлекеттік қызмет көрсету.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы64 қаулысы  “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы”.

2024 жылы ” Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау ” мемлекеттік қызметі көрсетілді:

электронды түрде-0

кеңсе арқылы қағаз жүзінде -4

Мемлекеттік корпорациясы арқылы-0

2024 жылы ” Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау мемлекеттік қызметі көрсетілді:

электронды түрде-0

кеңсе арқылы қағаз жүзінде -45

Мемлекеттік корпорациясы арқылы-0

2024 жылы ” Негізгі орта жалпы орта білім туралы құжаттардың түп нұсқаларын беру ” мемлекеттік қызметі көрсетілді:

электронды түрде-0

кеңсе арқылы қағаз жүзінде -3

Мемлекеттік корпорациясы арқылы-0

2024 жылы ” Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын растау үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.” мемлекеттік қызметі көрсетілді:

электронды түрде-6

кеңсе арқылы қағаз жүзінде -0

Мемлекеттік корпорациясы арқылы-0

2024 жылы ” Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек алуға Мемлекеттік қызмет көрсету.” мемлекеттік қызметі көрсетілді:

электронды түрде-0

кеңсе арқылы қағаз жүзінде -64

Мемлекеттік корпорациясы арқылы-0

2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар туралы мәліметтер түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелмеді.

https://internat8vko.edu.kz/wp-content/uploads/2025/04/memlekettik-qyzmet-koersetw-bojynsha-esep.pdf